09:48, 1 наурыз 2026
2026 жылғы 1 наурызда БАӘ-дегі Дубай халықаралық әуежайына жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккендер пайда болғаны белгілі болды. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, эмираттың баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде Дубай әуежайына Иран тарапынан соққы жасалғанын растаған.
«Жақында болған оқиға салдарынан әуежай терминалдарының бірі жеңіл зақымданды. Төрт қызметкер жарақат алды, оларға дереу медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Қазақстан уақытымен сағат 04:25-тегі ақпаратқа сәйкес, Абу-Даби әуе айлағындағы оқиға салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, жеті адам жараланғаны белгілі болды. Бұл туралы эмират әуежайларының операторы мәлімдеді.






Leave a Reply