Жүргізушілерге Үлкен Алматы айналма жолындағы өзгеріс туралы ескерту жасалды


20:16, 26 ақпан 2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын өлшейтін жүйе енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл учаскеде рұқсат етілген жылдамдық – 120 шақ/сағ.

«Қазіргі уақытта жүйе тестілік режимде жұмыс істеп жатыр, жабдықтарды синхрондау және бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық баптау жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.