14:25, 25 ақпан 2026
2026 жылғы 25 ақпанда Мәжілістегі брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің кейбір мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жол апаты 2026 жылғы қаңтарда орын алған.
«Күдікті ұсталды, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», – деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, қылмыстық іс тергеудің аяқталу кезеңінде тұр.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 28 қаңтарда Сарайшық көпірінде болған. Ауыр жол апатының салдарынан екі адам тіл тартпай кетті.






Leave a Reply