Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады


13:21, 24 ақпан 2026

Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 24 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.