14:12, 21 ақпан 2026
Бүгін таңертең ТЖД-не Көкпекті ауданының Биғаш ауылындағы «Арқалық» шаруа қожалығынан 19 ақпанда шамамен сағат 11:00-де үш ер адамның жылқы іздеуге шығып, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түсті. Олардың нақты қай жерде екені белгісіз болды, ұялы телефондары сөндірулі болған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылды. Іздеу аймағы күрделі, таулы аймақ болғандықтан, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағын көтеру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар іздеу жұмыстарына жол талғамайтын көлік пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылып, қолжетімсіз аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді.
Екі сағаттық ұшудан кейін Биғаш ауылынан 3 шақырым жерде 1984, 1979 және 2003 жылы туған үш ер адам табылды.






Leave a Reply