ШҚО-да Lada мен Chevrolet көліктері жолды бөлісе алмаған: төрт адам қаза тапты


13:53, 20 ақпан 2026

2026 жылғы 19 ақпанда республикалық маңызы бар Омск – Майқапшағай трассасында жол апаты орын алып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы сағат 15:25 шамасында болғанын атап өтті.

Оқиға орнына келген полицейлер жолдың 867-ші шақырымында, Салқынтөбе ауылы маңында Lada Priorа мен Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысқанын анықтаған.

«Жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды», – делінген полиция ақпаратында.

Қылмыстық тергеу басталды.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады»,- деп мәлімдеді мамандар.

Бұған дейін Алматыда мас жүргізуші екі жол апатына себеп болғанын жазғанбыз.