21 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады


18:38, 20 ақпан 2026

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 21 ақпан, сенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады.

«Жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында, Түркістан облысының тау асуларында түнде және таңертең, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында секундына 30 метр және одан да жоғары жылдамдықпен өте күшті жел соғады деп болжанып отыр.