Софья Самоделкина бүгін қай уақытта өнер көрсетеді


19:25, 19 ақпан 2026

Бүгін, 19 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы тек бір ғана спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашында осы күні фристайл-акробатикадан ерлер арасында жарыстар да өтуге тиіс еді. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты сайыс 20 ақпанға ауыстырылды.

Осылайша, 19 ақпанда Қазақстан құрамасынан тек бір спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Жарыс 23:00-де басталады.

Айта кетейік, ұазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсеткен еді.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.