14:08, 18 ақпан 2026
Ақтөбе облысының прокуратура қызметкері ұсталды. Қазіргі уақытта оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы аймақтық прокуратураның ресми хабарламасында айтылған:
«2026 жылғы 17 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Орталық аппараты және ҚР Бас прокуратурасының Өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады», – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны, ал сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні атап көрсетілген.






Leave a Reply