парламент уақытша президентті қызметінен босатты


11:44, 18 ақпан 2026

Перу Конгресі уақытша мемлекет басшысы Хосе Херині қызметінен кетіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, импичментті 75 депутат қолдап, 24-і қарсы дауыс берген, ал үшеуі қалыс қалған. Фухимори партиясы мен «Сомос Перу» саяси бірлестігі соңғы сәтке дейін Хериді бірауыздан қолдаған жалғыз фракциялар болған.