Абзал Әжғалиев пен Денис Никишаның ширек финалдағы қарсыластары кім


17:20, 17 ақпан 2026

Шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр жарыста Ұлттық құрама спортшылары Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша іріктеуден ширек финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финал мен жүлде жолындағы сайыс 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді.

Назарыңызға олардың тобында жүгіретін атлеттерді ұсынамыз.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Барлығы 4 топ. Айта кетейік, жартылай финалға әр топтан 1-2-орын алған шорт-трек шебері тікелей жолдама алады. Сонымен қатар кейін мәреге 3-болып жеткен 2 спортшы үздік уақыт көрсеткіші бойынша 1/2 финалға өтеді.

Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларындағы қысқы Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді. Елімізде жарыстарды Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly және «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.