14:07, 16 ақпан 2026
Ресейлік ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков Crew-12 экипажын Халықаралық ғарыш станциясында қарсы алу сәтінен түсірілген фотосуреттермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейлік сынақшы-ғарышкер түсірген кадрлар Роскосмос агенттігінің Telegram арнасында жарияланды.
Сурет: Роскосмос
«Халықаралық ғарыш станциясы Crew-12 экипажын қарсы алды. ХҒС-қа біздің ғарышкер Андрей Федяев, сондай-ақ астронавтар Джессика Меир, Джек Хэтэуэй және Софи Адено келді», – делінген жазбада.
Сурет: Роскосмос
Бұған дейін NASA экипаж санының қысқаруына байланысты Crew-12 миссиясының ХҒС-қа ұшырылу уақытын өзгерткенін жазғанбыз.






Leave a Reply