18:01, 16 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 16 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
«Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі».
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттағаны хабарланды.






Leave a Reply