2026 жылғы 4 ақпанда Алматы – Астана автожолының жарықтандырылмаған учаскесінде жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыға қарай қозғалған Man маркалы жүк көлігі 59-шы шақырымда ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында қаза тапты.
Сурет: Zakon.kz
Белгілі болғандай, ер адам жарықтандырылмаған учаскеде жолды белгіленбеген жерде кесіп өткен. Жүргізушінің айтуынша, ол жаяу жүргіншіні соңғы сәтте байқаған, алайда апаттың алдын алуға үлгермеген.
Сурет: Zakon.kz
Қазір Алматы облысының тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда рөлге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі жолаушылар автобусымен соқтығысқанын жазғанбыз.






Leave a Reply