Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер саны көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалада азық-түлік инфрақұрылымын дамыту және отандық фермерлерді қолдау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасып келеді.
2025 жылы Алматының бес ауданында 430 жәрмеңке ұйымдастырылды, ал биыл жыл соңына дейін олардың саны 2,5 есеге артады: 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жәрмеңке Алматы қаласы әкімдігінің, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының және «Алматы» ӘКК» АҚ қолдауымен өтеді.
Мұнда қала тұрғындары жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тікелей, қолжетімді бағамен сатып ала алады.






Leave a Reply