Павлодар әуежайы 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатады


14:18, 11 наурыз 2025

Павлодардағы әуежай 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты жабылады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осылайша, ведомствоның мәліметінше, 1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша әуе қатынасы тоқтатылды», – делінген 11 наурыздағы ресми мәлімдемеде.

2025 жылдың қаңтарында Көлік министрлігі Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабарлады.