Синоптиктер «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 4 ақпан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы қалыптасады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
Солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі.
«Кей жерлерде жел күшейіп, боран, тұман және көктайғақ күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.






Leave a Reply