Биатлоннан Еуропа чемпионаты: қазақстандықтардың спринттегі нәтижесі қандай


20:16, 30 қаңтар 2026

Шушенде (Норвегия) биатлоннан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир аясында ерлер арасында спринт жарысы өтті. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

  • Александр Мухин — 42-орын;
  • Вадим Куралес — 78-орын;
  • Кирилл Бауэр — 83-орын;
  • Никита Акимов — 95-орын;
  • Иван Дарьин — 104-орын;
  • Егор Гребенщиков — 116-орын.

Франция өкілі Дамьен Леве жеңіске жетті. Норвегиялық Исак Фрей екінші нәтиже көрсетті. Ал франциялық биатлоншы Гаэтан Патюрель үшінші болып мәреге жетті.