Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Әзірбайжанда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды
🔹Отандасымыз ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.
🇰🇿 Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.





Leave a Reply