Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды


14:01, 25 қаңтар 2026

Шымкентте жол апатынан кейінгі кісі өлімі дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді.

«Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері Василий Колесниковты өлтіру фактісі бойынша тағы үш күдіктіні ұстады. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген», – деп жазды адвокат.

Оның айтуынша, күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында жасырынған.

Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкентте болған жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, соңы кісі өлімімен аяқталған. 21 қаңтарда төрт ер адамның ұсталғаны белгілі болды.