09:33, 25 қаңтар 2026
24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы Ақсу ауданында «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында», — делінген хабарламада.
Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.






Leave a Reply