Астанада 23 қаңтарда қай сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті


12:56, 23 қаңтар 2026

2026 жылғы 23 қаңтарда Астана Білім басқармасы екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына маңызды хабарлама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада айтылғандай:

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2026 жылғы 23 қаңтардан бастап екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшеді».

Бұған дейін де Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілетіні туралы хабарланған болатын.