не істейді және құрамына кімдер кіреді


09:56, 22 қаңтар 2026

Президент 2026 жылғы 21 қаңтарда «Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтінінде:

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссияны) құру тапсырылған.

Комиссияның регламенті мен құрамы бекітілген.

Конституциялық комиссия – Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

Төрағасы – Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы.

Хатшысы – Президент әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, қоғамдық қайраткерлер, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестер өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қоғам өкілдері кіреді.

Комиссияның негізгі міндеті – Конституциялық реформалар бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Жұмыс органы – Қазақстан Конституциялық сотының аппараты. Отырыстар қажет болған кезде өткізіледі.

Отырыстар заңды болып саналады, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының екі-үштен екісі қатысса.

Төраға комиссияның қызметін басқарады, отырыстарға төрағалық етеді және комиссия жұмысы туралы Президентке есеп береді.

Комиссияның жұмыс органы:

Комиссия отырыстарына арналған материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады;

Комиссия мүшелерін кезекті отырыстың орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді, қажетті материалдармен уақытында қамтамасыз етеді.

Комиссия мүшелері:

Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

Комиссия отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады.

Конституциялық комиссия құрамына кірді:

  • Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы
  • Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
  • Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
  • Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы

Комиссия мүшелері:

  • Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы – Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
  • Алтынбеков Бекзат Құмарұлы – «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Асанов Жақып Қажыманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
  • Атабаева Гүлзира Нұржанқызы– «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі;
  • Ахметзакиров Наиль Рафисұлы – Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы;
  • Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Әбішев Ғазиз Серікұлы – саяси шолушы;
  • Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облысы мәслихатының төрағасы;
  • Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
  • Әленов Бауыржан Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары;
  • Әубәкірова Индира Оралқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
  • Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы ‒ Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Байбеков Шалқар Заманбекұлы – Абай облысы мәслихатының төрағасы;
  • Байғожаев Қуат Сұлтанұлы ‒ Алматы облысы мәслихатының төрағасы;
  • Балтабаев Әділ – журналист, «President» тележобасын жүргізуші;
  • Башимов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі;
  • Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
  • Борчашвили Исидор Шамилович – Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;
  • Бубенко Владимир Степанович – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
  • Бурахан Ернұр Көшерханұлы ‒ «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Годунова Наталья Николаевна – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Ғайыпов Зұлфухар Сұлтанұлы – Астана қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы;
  • Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры;
  • Дүйсенов Еркін Эрманұлы – «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректор, профессор, заң ғылымдарының докторы;
  • Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі;
  • Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
  • Ерғарин Дәурен Тілекұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
  • Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
  • Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары;
  • Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы ‒ Қостанай облысы мәслихатының төрағасы;
  • Жақаева Лейла Сұлтанқызы – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы;
  • Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының cудьясы;
  • Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті;
  • Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы;
  • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
  • Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы – «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы – Ақмола облысы мәслихатының төрағасы;
  • Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Жылқышиев Байділда – Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Зәкиева Динара Болатқызы – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;
  • Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы;
  • Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы;
  • Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы;
  • Исетов Арман Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • Кенжеханұлы Рауан – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті;
  • Ким Вера Александровна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы;
  • Кузиева Замира Зәкіржанқызы – Астана қаласы «Единый консолидирующий центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры;
  • Күнтуған Еркежан – «Жібек жолы» телеарнасының директоры;
  • Қадыров Данияр Рамазанұлы – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті;
  • Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
  • Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзиялар жөніндегі кеңестің төрағасы;
  • Қамзабекұлы Дихан – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
  • Қарабасова Лаура Шапайқызы – «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор;
  • Қарағойшин Рустам Тимурұлы – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі;
  • Қобжанов Нұркен Сайфиддинұлы – Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы;
  • Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublika» партиясы фракциясының жетекшісі;
  • Көпжасарұлы Ерқанат – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының тележүргізушісі;
  • Құлкенов Мереке Әбдешұлы – «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
  • Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – қоғам және мемлекет қайраткері;
  • Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі;
  • Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
  • Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Allur Group» компаниялар тобы» акционерлік қоғамы және «Qarmet» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Ластаев Артур Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
  • Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі;
  • Малахов Дмитрий Михайлович – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы;
  • Малиновский Виктор Александрович – «Нархоз Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры;
  • Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы – Маңғыстау облысы мәслихатының төрағасы;
  • Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
  • Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатыныңтөрағасы;
  • Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы;
  • Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы – Қызылорда облысының әкімі;
  • Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы – «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы – Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы;
  • Нұралиев Әбдәлі Тоқбергенұлы – Жамбыл облысы мәслихатының төрағасы;
  • Нұрғалиева Мәдина Маратқызы ‒ «Amanat» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры;
  • Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;
  • Нұрмұханов Бақыт Маратұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары;
  • Нұртаза Самат Русланұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
  • Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы ‒ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы;
  • Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;
  • Перепечина Ольга Валентиновна ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
  • Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі;
  • Пономарёв Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі;
  • Рожин Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
  • Сабильянов Нұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;
  • Сапиев Бақытжан Шаймұхаметұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
  • Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі;
  • Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
  • Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы– Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
  • Сұраған Дурвудхан – математик, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
  • Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы ‒ Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы;
  • Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;
  • Теренченко Илья Сергеевич ‒ Павлодар облысы мәслихатының төрағасы;
  • Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы ‒ Жетісу облысы мәслихатының төрағасы;
  • Тоқтамұрат Армангүл – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының продюсері;
  • Тоқшалық Ерлан Бейсенұлы ‒ Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Толықбай Мақсат Мәлікұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы ‒ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы –ректор;
  • Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты өкілі;
  • Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы ‒ Қызылорда облысы мәслихатының төрағасы;
  • Ударцев Сергей Федорович – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
  • Умарова Айман Мұратқызы – адвокат, «Правозащитники» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы;
  • Фазылжан Анар Мұратқызы – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
  • Хайруллиев Мұса Қарашаұлы ‒ Атырау облысы мәслихатының төрағасы;
  • Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі;
  • Шаймарданов Жандос Нұрланұлы ‒ «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;
  • Шапақ Үнзила ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
  • Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Шибутов Марат Максұмұлы – саясаттанушы;
  • Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы;
  • Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы ‒ Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы;
  • Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Юсупов Мейіржан Бақытұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

Жарлық 21 қаңтардан бастап күшіне енді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Тоқаев Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойған еді.