22:06, 19 қаңтар 2026
Петропавлда тұрақты табысы бар 33 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны үшінші қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстады. Жеке тінту барысында ер адамның жанынан түсті зат салынған жиырма екі түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылды.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 25 грамды құрайтын α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ер адам 2025 жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан», делінген хабарламада.
Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.






Leave a Reply