14:48, 19 қаңтар 2026
Чили президенті Габриэль Борич елдің оңтүстік аймақтарында орман өрттерінің салдарынан 20 мың адам эвакуациялануына байланысты төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Straits Times басылымының жазуынша, жағдай әсіресе Сантьягодан оңтүстікте орналасқан Нубле және Биобио өңірлерінде күрделі. Бұл аймақтарда өрт өте жоғары жылдамдықпен таралған. Төтенше қызметтердің мәліметінше, ел аумағында жалпы 19 өрт ошағы тіркелген, олардың 12-сі дәл осы екі өңірде орналасқан.
Мемлекет басшысының айтуынша, өртпен күресуге барлық қолда бар күш пен құрал жұмылдырылған. Қаза тапқандар туралы және келген нақты шығын көлемі әзірге белгісіз.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары табиғи апаттың салдарын көрсетті. Кадрларда жанып кеткен көліктер, зақымданған ғимараттар мен қираған инфрақұрылым нысандары бейнеленген.
Chile wildfire forces 20,000 to evacuate as flames
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:






Leave a Reply