15:36, 18 қаңтар 2026
Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында трансформатор өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті «Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 18 қаңтар күні шамамен сағат 09:55-те Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнындағы 52-учаскеде болған.
«Оқиға ГТГ-1 және ГТГ-2 газтурбиналық генераторларының арасындағы трансформатор аумағында болды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық операциялық емес персонал эвакуацияланды. Ақпарат тараған сәтте өрт оқшауланған. Үшінші буын зауыты рециркуляция режиміне ауыстырылды», — деп жазады басылым.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.






Leave a Reply