Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді


17:52, 9 наурыз 2025

Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 9 наурыз сағат 17:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Сарыөзек — Көктал» автожолының 40-68-шақырым-аралығындағы учаскесінде (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысы шектелді.

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.

Жолды 2025 жылғы ертең, 10 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған едік.

Синоптиктер ертең, 10 наурызда Алматыда, Астанада және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.