Еуропа Чемпионатының алғашқы ширек финалдық кездесулері белгілі болды


Германияда өтіп жатқан Еуропа Чемпионатында плей-офф кезеңінің алғашқы кездесулері өтті. Гельзенкирхенже өткен Англия – Словакия ойынында  Алдымен 90+5 минутта есепті теңестірген Англия экстра-таймда жеңіс голын соғып, Еуропа Чемпионатының ширек финалына шықты. 

1/4 финалда Гаррет Саутгейт шәкірттері Швейцариямен кездеседі. Мурат Якиннің командасы өз кезегінде Еуропа Чемпиондары Италияны 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Бірінішіліктің қожайындары Германия құрамасы Дортмундта өткен ойында Данияны 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Еуропа Чемпионатының 1/4 финалында Испанияға қарсы ойнайды. Турнирде жеңілмеген Испания құрамасының жеңісті сериясы өз жалғасын тапты. Грузия бірінші болып есеп ашқанымен, Еуропа Чемпионатының 1/4 финалында Испания ойнайды. Қорытынды есеп 4:1

5-шілде күні Штутгартта Испания – Германия арасындағы ойын өтсе, 6-шілдеде Дюссельдорф қаласында турнирдегі сенсация құрамалардың бірі Швейцария – Англия кездесуі болады.

Бүгін тағы екі ширек финалға шыққан құрама белгілі болады.