миллиондарын жоғалтқан қазақстандық әйелдің оқиғасы


10:51, 16 қаңтар 2026

Өскемен тұрғыны «тұрғын үй несиеcіне көмектесемін» деп сендірген «ипотекалық кеңесшіге» сеніп, миллиондарын жоғалтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін баяндады:

«Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша өтінішпен жүгінді. Әйелдің айтуынша, күдікті оған тұрғын үй несиесін рәсімдеуге көмектесемін деп сенімін орап, 3 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген. Зиян шеккен әйел 2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үй алуға көмек көрсету туралы жарнамалық хабарландыруға қызыққанын айтты. Ақша алған соң күдікті байланысқа шықпай қойған», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің қамауға алу шарасы – үйқамақ.

Полиция азаматтарды сақ болуға, күмәнді жарнамаларға сенбеуге және ресми келісім-шарт пен кепілсіз белгісіз тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін интернеттегі жарнама екі әпке-сіңліні 10 миллион теңгеден айырған еді. Ал Tinder-дегі жалған «Нурай» астаналық азаматты 4 миллион теңгеден айырған.