Шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі


21:45, 15 қаңтар 2026

Закопане (Польша) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей жарыста финалдық кезеңге Данил Васильев жетті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 24-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы командалық сайыста да өнер көрсетті. Данил Васильев пен Нұршат Тұрсынжанов 13-орынға ие болды.