15 қаңтардағы саудада доллар тағы қымбаттады


16:13, 15 қаңтар 2026

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 510,95 теңге болып, тағы 0,55 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,52 теңгеге дейін төмендеді (+0,06).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 73,26 теңге болды (+0,02).

Айырбастау орындарында:

  • доллар 510,6–512,6 теңге,
  • еуро 593,6–598,1 теңге,
  • рубль 6,342–6,53 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

15 қаңтарда әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерстері 3,23%-ға арзандап, бір баррелі 64,37 АҚШ долларын құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерстері 3,27%-ға төмендеп, бір баррелі 59,99 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 510,43 теңге, еуроны 594,86 теңге, рубльді 6,49 теңге