22:57, 14 қаңтар 2026
Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін сынға түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз жекелей сайыстың 1/8 финалында Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездесті, деп хабарлайды ҚР ҰОКбаспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 55-орында тұрған қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен ұтты.
Енді Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.
Бұған дейін Елена Рыбакинаның Australian Open–2026 турнирінде жеңіске жету мүмкіндігі бағаланғаны хабарланған.






Leave a Reply