10:59, 14 қаңтар 2026
Бүгін Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты кейбір мектеп оқушыларының ата-аналарына қайтадан үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның маңызды хабарламасында:
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 14 қаңтарда екінші ауысымда оқитын 0–9-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшіріледі», – делінген.
Бұған дейін Астанада бірінші ауысымдағы 0–9-сынып оқушылары да дәл осы себеппен қашықтан оқуға ауыстырылған болатын.






Leave a Reply