Трамп Иранның іскери серіктестеріне баж салығын енгізді


12:22, 13 қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бизнес жүргізетін әрбір ел үшін 25% баж салығын енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Америка президенті өзінің жеке платформасы – Truth Social-дағы парақшасында айтты.

«Бүгіннен бастап Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез келген ел Америка Құрама Штаттарымен жасалатын барлық операцияларға 25% тариф төлейтін болады. Бұл жарлық түпкілікті және өзгертілмейді». Дональд Трамп

Сурет: truthsocial

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде өзіне жаңа лауазым тағайындағанын хабарланған болатын.