17:25, 9 қаңтар 2026
Алматы полиция департаментінің басшысы болып Айдын Қабдулдинов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше:
«Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Айдын Тоқтарұлы Қабдулдинов Алматы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды».
Бұған дейін Алматы полиция департаментін Арыстанғани Заппаров басқарған. Қазір ол Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.






Leave a Reply