13:17, 9 қаңтар 2026
Жапонияның Киси стансасында Ёонтама атты ала мысық ресми түрде вокзалдың басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді ол жолаушыларға жақсы көңіл күй сыйлауға жауапты құрметті лауазымды атқарады. 7 қаңтар күні жаңа «станса басшысы» салтанатты түрде жұртшылық пен вокзал ұжымына таныстырылды. Тағайындау туралы ақпарат вокзалдың ресми сайтында жарияланған.
Сурет: wakayama-dentetsu.co.jp
«Басшының» міндеттеріне жолаушыларды қарсы алу, түрлі іс-шараларға қатысу және стансада жағымды атмосфера қалыптастыру кіреді. Мысыққа жаңа мәртебесін білдіретін медальон табысталып, мойнына тағылды.
Сондай-ақ Ёонтаманың екі орынбасары таныстырылды, олар қазір тәжірибеден өтіп жатыр.
にゃんご!小嶋社長が抱っこしているのが、ろくたま駅長候補です、よろしくお願い申し上げますにゃんご! pic.twitter.com/KJfslRwB6g
— 駅長たま (@ekichoTAMA) January 7, 2026
Белгілі болғандай, бұл дәстүр 2007 жылы Тама есімді мысықтан бастау алған. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартып, аймақ экономикасына шамамен 1,1 млрд жапон иенасы көлемінде табыс әкелген және құлдырау алдында тұрған шағын теміржол желісін қайта жандандыруға көмектескен.






Leave a Reply