68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алды


10:31, 8 қаңтар 2026

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған мерейтойлық концертінің қарсаңында жанкүйерлерімен архивтік фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісінде жарияланған қара-ақ түсті суреттерде әншінің жас кезі бейнеленген. Бір фотода ол ақ түсті костюм киіп тұрса, енді бірінде сахнада көңілді би билеп жатыр.

Сурет: Instagram/rozarymbaeva

Суреттердің біріне әнші өз репертуарындағы «Сол бір кездер» әнінің жолын жазып қалдырған. Жанкүйерлері бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, өткен күндерді бірге еске алды.

  • Роза Қуанышқызы сіздей «Алтын әріппен» жазылған бізде өкінішке орай әзірге әнші жоқ. Қандай да кеш болсын, мерей той болсын сіздің әніңізбен ашылуы тиіс.
  • Осы суреті бала кезімізде айнаның алдында тұратын. Айналасын кестелеп, қатырып койған. Қарай беретін едім
  • Мені жас күнімнен Роза Рымбаеваға ұқсайсың дейді қазір 63 жастамын әлі қазіргі түріне ұқсатады
  • Керемет! Бұрын бұл әннің сөздеріне мән бермеген екенмін. Мағынасы қандай әсерлі, шіркін, жалындаған жастық шақ!
  • Роза! Осы әнді орындағанда 88-жылы орнымыздан тұрып билегеніміз есімде. Шыныменен сол кездер қайдаа
  • Есімде Роза Рымбаеваның альбомы шығып атағы әлемге танылғаны! Суретіне қарап қатты ұксағым келетін Қандай әдемі деп! «А Розе всего 18» деп жазылған еді

Сондай-ақ фотосуреттер топтамасында өнер иесінің жары, марқұм – Тасқын Оқаповпен бірге түскен сәттері де бар.

Әншінің оқырмандары олардың отбасы өнерлі, үлгі тұтарлық екенін атап өтті.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер жарияланған болатын.