Елімізде 6 қаңтарда қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болатыны болжанады


17:44, 5 қаңтар 2026

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 6 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында әлі қалып отыр.

«Солтүстік аймақтарда қалың қар, батыста қар аралас жаңбыр жауады». «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайтыны да нақтылынады.

Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс ретінде тұман, көктайғақ және желдің екпін алуы аталады.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге (6-8 қаңтар) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.