Алматыда Жаңа жыл қарсаңында бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды


22:38, 31 желтоқсан 2025

Zakon.kz редакциясына Алматы қаласының тұрғындары Жаңа жылды тойлайтын уақыт тақағанда жарықсыз қалғандарын айтып, өз шағымдарын жеткізді.

Журналистер түсініктеме алу үшін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-тың өңірлік бөлімшесіне жүгінді.

Жібек жолы, Назарбаев және Абылай хан даңғылдары, сондай-ақ Мәметова көшесі қиылысқан ауданда электр жарығы ажыратылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, екі сағат ішінде ақаулықты жоюға уәде беріледі.

Карта, Алматы, Жібек жолы, Назарбаев, Абылайхан, Мәметова, электр жарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 22:38

Бұған дейін Жаңа жыл және Рождество мерекесінде ХҚКО мен МХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні хабарланған.