21:57, 31 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында республикалық маңызға ие тас жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 31 желтоқсанда хабарлады:
«2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» тас жолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды».
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы ұйымдастырылатыны нақтыланады.
Жолды 2026 жылғы 01 қаңтарда, сағат 08:00-де ашу жоспарланған.






Leave a Reply