18:55, 31 желтоқсан 2025
Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі бүгін шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру процедурасына қатысты шұғыл хабарландыру таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ретте елшіліктің Telegram арнасында былай делінген:
«Шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру жөніндегі ағымдағы пилоттық жобаның қолданыс мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін белгіленгенін хабарлаймыз. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР шет елдердегі мекемелері шетелдік азаматтарға ЖСН беруді тоқтатады».
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасына бармай-ақ онлайн-форматта шетел азаматтары үшін мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігін, оның ішінде ЖСН қамтитын цифрлық ID-картаны алуды көздейтін eResidency бағдарламасын енгізгені де айтылады.
«Бағдарлама шетелдіктерге Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға мүмкіндік береді, ол еліміздің бизнес-мүмкіндіктері мен онлайн-сервистеріне қолжетімділікті ашады». РФ-дағы ҚР елшілігі
Аталған бағдарлама келесі қызметтерді алуға мүмкіндік береді:
- Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар цифрлық ID-картаны алу;
- Қор нарықтарына, крипто биржаларға, Қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге қол жеткізу;
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны және сақтандыру қызметтерін ресімдеу;
- Қазақстандық карталарды пайдалана отырып, онлайн банктік шоттар ашу;
- Барлық төлем қызметтерінің салықтық резиденттігін және эквайрингін алу мүмкіндігі.
«Жоғарыда айтылғандардың негізінде, шетел азаматтарына ЖСН алу мәселелері бойынша барлық толық ақпарат қолжетімді болатын ресми сайтына жүгіну ұсынылады». РФ-дағы ҚР елшілігі
Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын қалай тексеруге болады? Бұл сауал жауабын мына арадан оқи аласыздар.






Leave a Reply