Қазақстанның екі өңірінде республикалық маңызы бар алты жолда қозғалыс шектелді


18:11, 26 желтоқсан 2025

2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы алты республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы

  • «Өскемен – Семей» автожолының 103-198-шақырымы аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін)

Шығыс Қазақстан облысы

  • «Өскемен – Семей» автожолының 10-103-шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
  • «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105-шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191-шақырым аралығы (Глубокое ауылының бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін);
  • «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-166-шақырым аралығы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін);
  • «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 166-250-шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 626 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.