Астанада мейрамханалардың бірінде өрт шықты


16:20, 26 желтоқсан 2025

Елордада 2025 жылғы 26 желтоқсанда Дінмұхамед Қонаев көшесіндегі мейрамхананың бірі қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД күштері мен құралдары ғимараттың сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінің жылытқышының жануы орын алғанын анықтады.

Өрт сөндірушілердің жоғары дәрежедегі жұмысының арқасында көп ұзамай жалын сөндірілді.

Бұған дейін мереке қарсаңында қандай қауіпсіздік ережелерін ескерген жөн екенін жазғанбыз.