16:43, 23 желтоқсан 2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Коняшкин Ростислав Анатольевич жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 23 желтоқсанында ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Коняшкин Ростислав Анатольевич жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды».
Ростислав Коняшкин – 1989 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы жеке кәсіпорында консультант болып бастаған.
2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.
2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.
2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.
2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.
2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері.
2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.
2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.
2020-2021 жылдары — ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.
2021-2024 жылдары — «Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы
2024-2025 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі.
2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.






Leave a Reply