Ресейде Whatsapp бұғатталуы мүмкін


14:54, 23 желтоқсан 2025

«Роскомнадзор» танымал WhatsApp мессенджерінің ел аумағында толық бұғатталуын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл заң талаптарын орындамаған жағдайда болады.

«WhatsApp-қа шектеулер енгізу жалғасады. Егер мессенджер Ресей заңнамасының талаптарын орындамаса, онда ол толығымен бұғатталады», – деп жазды РИА Новости жауапты органға сілтеме жасап.

Онда WhatsApp-ты терракт ұйымдастыру мақсатында, алаяқтық және өзге де қылмыстар үшін кеңінен қолданылып жүргені атап өтілді. Осыған қарамастан, мессенджер бұл әрекеттердің жолын кесу үшін шаралар қабылдамай отыр. Сондықтан, «Роскомнадзор» кезең-кезеңімен шектеулер ұйымдастырып, қолданушыларды басқа мессенджерлерге ауыстыруды көздеп отыр.

Бұған дейін Францияда бойжеткенді жыныстық-құлдыққа салғандарға үкім шыққанын жазғанбыз.