17:31, 19 желтоқсан 2025
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 20 желтоқсан, сенбі күні ел аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер Қазақстанның бүкіл аумағында өз ықпалын сақтайды.
«Қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігінде қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі», — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді.






Leave a Reply