17:12, 18 желтоқсан 2025
«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, қар жауып, боран соғады.
19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
«Қар жауып, боран соғады, ал елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі», — делінген «Қазгидромет» баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қар қашан тоқтайтынын хабарлағанбыз.






Leave a Reply