18:50, 17 желтоқсан 2025
Қазақстанда алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 18 желтоқсанда ауа райы қолайсыз болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылады:
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: боран соғып, қар жауады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ болады деп күтіледі».
Сондай-ақ, республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, жел екпін алады деп болжанады.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.






Leave a Reply