Қостанай облысында полиция 100 көліктен тұратын автотізбекке жол бастап жүрді


17:20, 16 желтоқсан 2025

Қостанай облысында полиция 100 көліктен тұратын автотізбекке жол бастап жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін полиция қызметкерлері “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ өкілдерімен бірлесіп, арнайы техниканы пайдалана отырып, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін және кері бағытта 100 автокөлікке жол бастап жүрді.

Арнайы қызметтер көмек көрсетуге қашанда дайын. Алайда полиция қызметкерлері жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және қозғалысқа қойылған шектеулерді сақтауға шақырады.