Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды


11:45, 16 желтоқсан 2025

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еске алу іс-шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиналған қауым елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-рухты оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен аяқталды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі